Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Nurgasyr.kz сайты жаңартылды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 06.09.2020 3033 0 пікір
Ақтөбе: Nurgasyr.kz сайты жаңартылды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі пандемияға байланысты онлайн форматтағы жұмыстарды жандандыруды тапсырған болатын. Осыған орай ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі облыстық орталық мешіттің nurgasyr.kz сайтын жаңа дизайн үлгісінде іске қосты.

Бұдан былай оқырмандар nurgasyr.kz сайтынан ерекше мағлұматтар мен пайдалы әрі қызықты айдарларды көре алады. Облыстағы мешіттермен танысып, ондағы діни қызметкерлер туралы ақпарат алып, тікелей байланысу үшін «Ақтөбе мешіттері» атты айдарға кірсеңіз болады.

Құранды толық жаттаған елімізге белгілі қарилар туралы мағлұматпен «Қазақстан қарилары» айдарынан танысуға болады. Ал еліміздің көрнекті діни оқу орындарының бірі жайлы ақпарат іздеген жандар үшін «Ақтөбе» медресе-колледжі бөлімі арнайы ашылды.

Сондай-ақ сайтта аудио-видео уағыздар топтамасы да бар. Намаз уақыттары, кітапхана бөлімі де қарастырылған. Одан бөлек Ақтөбе облысындағы ҚМДБ Халал сертификатын алған мекемелер мен асханалардың тізімін де осы сайттан табуға болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру