Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Жастар 10 отбасыға көмектесті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.09.2020 2380 0 пікір
Шымкент: Жастар 10 отбасыға көмектесті

Шымкент орталық мешіті жанындағы Жастар секторы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамасымен қолға алынған «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының  қолдауымен қалалық Жастар секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков бастаған ерікті топ мүшелері тұрмыстық жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 10 отбасыға азық-түлік, медициналық маска және антисептикалық т.б құралдар үлестірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру