«Мектепке жол» науқаны аясында ҚМДБ Жамбыл облысы өкілдігі аймақтағы оқушыларды жаңа оқу жылына дайындап, мектепке қажетті құрал-жабдықтар алып берді.
Әлеуметтік жағдайы төмен 273 оқушыға мектепке арналған барлық құралы бар сөмкелер сыйға берілді. Қайырымдылық шаралары мешітте өтсе, қайырымдылық көмегі ауылдағы шалғай аумақта тұратын отбасылардың үйіне жеткізілді. Жүзі бал-бұл жанған бүлдіршіндер қуанышын жасырмады.
Сонымен қатар биылғы эпидемиялық жағдайға байланысты білім беру онлайн жүйене көшкеніне байланысты 13 балаға Samsung A01 смартфоны берілді. Су жаңа ұялы телефонға ие болған балалар қуанышын жасыра алмады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
asyldin.kz
06.09.2020
3055
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру