Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңаөзенде «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 05.09.2020 2322 0 пікір
Жаңаөзенде «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының «Шаңырақ» ш/а қалалық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.

Мешіт имамдарының ұйымдастыруымен, қайырымды жандардың демеушілігінің арқасында тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан 30 балақайға мектеп сөмкесі мен оқуға қажетті құралдар табыс етілді. Бұдан бөлек әр балаға дене өлшеміне сай мектеп формасы сыйға берілді.

«Осы жылы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 30 оқушыға көмек көрсетіп отырмыз. Іс-шара барысында сақтық шаралары толықтай сақталып, мектеп сөмкелері мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар таратылды. Сондай-ақ, әр баланың дене өлшеміне сай мектеп формасын сыйға тарттық. Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, үздік білім алып, жетістікке жетулеріне тілектеспіз», – деді Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының «Шаңырақ» ш/а қалалық мешітінің бас имамы Мұхаммадюсуфұлы Мырза.

Өз кезегінде, аталмыш оқушылардың ата-аналары бас имамға, мешіт ұжымы мен осы қайырымдылық іс-шарасының жүзеге асуына атсалысқан жанашыр азаматтарға алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру