Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: 90 баланы қуантқан игі шара

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 04.09.2020 2583 0 пікір
Атырау: 90 баланы қуантқан игі шара

Республика көлемінде жүзеге асырылып келе жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Исатай аудандық орталық мешітінің және «Иман жастары» еріктілерінің, сондай-ақ, Жылыой аудандық мешітінің ұйымдастыруымен жалғасты.

60 баланы қуантқан кезекті игі шара жөнінде Исатай аудандық орталық мешітінің бас имамы Шалқар Дәулетханұлы:

«Қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж, көпбалалы отбасылардың балалары қамтылды. Оқу құралдары жинақталған сөмкелер оқушылардың алаңсыз білім алуына сәл де болса септігін тигізеді деген сенімдеміз. Қайырымдылық бағытындағы шаралар жалғасады» дейді.

Ал дәл осы акцияға үн қосқан Жылыой аудандық орталық мешіті 30 мектеп оқушысына қаржылай сертификат табыс етті.

«Әрқайсысы 10 мың теңгенің сертификатына балалар сабаққа қажетті құралдарды өздері таңдап ала алады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанған негізгі бағыттарының бірі қайырымдылық десек, «Мектепке жол» акциясы да осы әлеуметтік жағынан осал топтарға жан-жақты қолдау көрсетудің үлгісі» дейді Жылыой аудандық орталық мешітінің ұстазы Думан Балықшиев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру