Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: 100 оқушыға жәрдемдесті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 04.09.2020 2522 0 пікір
ШҚО: 100 оқушыға жәрдемдесті (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі індет кезінде табысынан айырылған және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» атты акциясына үн қосқан болатын.

Облыстық мешітте өкілдіктің «Зекет» қорының ұйымдастыруымен көпбалалы отбасылардың балаларына оқу-құралын табыс ету шарасы өтті. Бұл ретте 200 оқушыға оқуға қажетті құралдар үлестірілді.

Іс-шарада Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Зауатбек Сайлауұлы ата аналармен алдында сөз сөйлеп, игі істің маңызына тоқталды.

«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім мейірімділік жасамаса, оған мейірімділік етілмейді» деп өсиет еткен. Мұқтаж жандарға көмек қолын созу адамгершілік парыз. Мектеке жол акциясын жыл сайын жасап келеміз. Карантин талаптарын сақтай отырып, осынау көмекті өздеріңізге тарту етеміз» деген наиб имам оқушыларға жаңа оқу жылында табыс тіледі.

Игі бастама үшін ата-аналар өкілдікке ризашылықтарын білдірді. Өңірдің аудандарында акция жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру