Бүгін, қасиетті жұма күні Талғар ауданына жуырда ғана тағайындалған әкім Серікжан Ерекешев аудандық орталық мешітке арнайы келіп діни ахуалмен танысты.
Ауданның бас имамы Қажымұхан Қамбарұлы ауданның діни ахуалы жайлы айтып, мешітті таныстырды.
«Бүгінгі таңда Талғар ауданында 28 мешіт жұмыс істеп тұр. Одан бөлек тағы екі мешіттің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Мешіттердің барлығында жоғары білімді имамдар қызмет атқарып келеді» деді бас имам Қ.Қамбарұлы.
Жұма күні мешітке ат басын бұрған аудан әкімі Серікжан Қазиұлы да дін қызметкерлерінің қызметіне сәттілік тілеп, діни тұрақтылықты сақтауда имамдардың рөлі зор екенін атап өтті.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
04.09.2020
3115
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру