Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Онлайн дәрістер жалғасады (ФОТО)

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 04.09.2020 2558 0 пікір
Ақтөбе: Онлайн дәрістер жалғасады (ФОТО)

Карантин кезінде жамағатқа имандылық тақырыбында насихат айтып, бос уақыттарын имани уағыз-дәрістермен қуаттау мақсатында олардың көкейтесті діни сауалдарына жауап беру үшін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттерде онлайн уағыздар айтуды қайта жандандыруды тапсырған болатын.

Осыған орай, қыркүйек айында Ақтөбе өкілдігінің ұйымдастыруымен имам-ұстаздар муфтият бекіткен тақырыптар аясында аптасына 5 күн онлайн дәрістерді бастады. Әр аптаның дүйсенбі мен жұма күндері аралығында жергілікті уақытпен сағат 19:00-де Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығады.

Мәселен, «Отбасы ғылымхалы» тақырыбында әр дүйсенбі күні Ақтөбе медресе-колледжінің директоры, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі қажы Қайназарұлы ерлі-зайыптылардың міндеттері, неке, талақ мәселесі т.б. тақырыптарды әр қырынан тарқатуға тырысса, сейсенбі күні Темір ауданының Бас имамы Қайрат Дәрменов «Ислам әдебі» тақырыбында уағыз айтады. Сондай-ақ, сәрсенбі күндері «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имам Нұрбол Смағұлов «Фиқһ» дәрістерінен уағыз айтса, әр аптаның жұма күндері Ақтөбе қалалық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизаданың«Риаду әс-Солихин» кітабынан хадис тағылымы дәрістерін тыңдай аласыздар. Орыс тілінде уағыз-насихат тыңдайтындар үшін арнайы «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Махамбет Бисеновтің «Благонравие в Исламе» тақырыбында уағыздарынан пайда ала аласыз.

Онлайн дәрістер «Нұр Ғасыр» мешітінің @nur_gasyr инстаграм парақшасында өтетіндігін еске саламыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру