Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам «Жібек жолы» қайырымдылық мекемелерінің өкілдерін қабылдады

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 03.09.2020 2905 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам «Жібек жолы» қайырымдылық мекемелерінің өкілдерін қабылдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы «Жібек жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығының Маңғыстау облысы бойынша жауапты өкілдерімен кездесті.

Аталмыш кездесу барысында Маңғыстау өңіріндегі 4 қайырымдылық мекемесінің жауапты тұлғаларымен танысудан басталды. Айта кетсек, бұл кездесуге «Ақтау-Атамекен» қайырымдылық мекемесінің атынан Баһадүрханұлы Құттықожа, «Ақтау» мекемесінің атынан Темірқұл Шеразиддин, «Жәния» қайырымдылық мекемесінің атынан Елеуіш Қайрат және «Жәния» қайырымдылық мекемесінің атынан Нұртуғанұлы Бауыржан есімді азаматтар қатысты.

Жиналған қауымға, бас имам Әнуар Ізімбайұлы ҚМДБ қызметінің дәстүрлі төрт бағыты жайлы айтып, оның ішін оқу-ағарту бағытына ерекше тоқталды. Сондай-ақ, бас имам пандемия кезіндегі өңіріміздегі мешіттердің есіктері жабық болғанымен, имамдарымыздың ұйымдастыруымен облыстық, аудандық, ауылдық жерлердегі ауруханалардың қызметіне қажетті медициналық құрылғыларды, атап айтқанда, 100 пульсоксиметрдің табыс етілгендігі жайында, мешіттердің жанындағы еріктілер топтарының ем алып жатқан науқастар мен оларды емдеп жатқан дәрігерлерге арнайы көмек ретінде зәмзәм суы мен ыстық тамақ жеткізуі, облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қырмызы» тігін шеберханасының ашылып, елдегі жағдайға байланысты қажетті төсек жаймалары мен бетперделер тігіліп, тегін таратылып жатқандығы туралы баяндап берді. Бұдан бөлек, «Қайырымдылық керуені», «Мектепке жол» сынды игі іс-шаралардың атқарылып жатқандығы туралы да айтып өтті.

Кездесу соңында, екі тарап болашақтағы игі істерде бірігіп жұмыс жасау туралы ұсыныстарын ортаға салды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру