Елімізде қауіпті індетпен күрес әлі де жалғасуда. Қостанай облысының кәсіпкерлері және облыстағы дін қызметкерлері белсенділік көрсетіп, азаматтық борышына адалдық танытып келеді.
Қостанай облысына қарасты қала, аудан бас имамдары өңірге танымал «Олжа Агро» ЖШС демеушілігімен 30 ИВЛ аппаратын сатып алып, медициналық мекемелерге таратты.
– Осындай қиын кезде халықтың жанынан табылу, оларға қолдан келгенше көмек көрсету – саналы кісіге басты міндет. Қазір облыс бойынша барлығы 75 оттегі аппараты сатып алынды. Осыған дейін 45 данасы берілген болатын. Енді міне тағы да 30 аппарат өңірдегі қала-аудандарға жеткізілді, – деді Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы.
Осылайша қостанайлықтар «Бірлік бар жерде тірлік бар» екенін іс жүзінде дәлелдеп, күллі жұртшылыққа өнеге көрсетті.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
03.09.2020
2634
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру