Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдіров пен «Зекет» қорының Өскемен аймағы бойынша өкілі Аманбол Қуатұлы Өскемен қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Қалалық әкімдікте өткен жиында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Эльдар Төлеубеков: «Мешіт қызметкерлері карантин кезінде халыққа көмек көрсетіп, басқаларға үлгі бола білді. Науқастардың тезірек сауығып кетуіне барынша қолдау көрсетті. Сондықтан мешіт қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттап отырмыз» деп атап өтті.
Айта кетейік, карантин кезінде ҚМДБ Өскемен аймағының имамдары мен дін қызметкерлері ауруханаларға қымыз жеткізіп, денсаулық сақтау мекемелеріне ИВЛ аппараттарын табыс етті. Сонымен қатар карантин және төтенше жағдай кезінде жүздеген отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
03.09.2020
2993
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру