Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Медресе-колледжде ашық сабақ өтті

asyldin.kz 02.09.2020 2441 0 пікір
Тараз: Медресе-колледжде ашық сабақ өтті

Жамбыл облысындағы Һибатулла Тарази медресе-колледжінде ашық сабақ өтті. Дәріске оқу орнының директоры Қанат Жұмағұл, ұстаздар ұжымы мен шәкірттер онлайн режимде қатысты.

Ашық сабақта хакім Абайдың 175 жылдығына және әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өлеңдер оқылды. Ұстаздар мен студенттер екі алып тұлғаның шығармашылығын оқып, талдап, тереңнен қиыстырған ғибратты сөздерінің мәнін ашты.

Қазақы қара өлеңнің қариясы болған дараның, екінші ұстаз атанған ұлы тұлғаның білімге байланысты сөздері ортаға салынып, кең насихатталды. Ұстаздар тың мағлұматтар беріп, білім алушыларды қызықтырса, шәкірттер іліп алып, туындылар жайлы көзқарасын, алған ғибраттарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру