Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: 30 ИВЛ аппараты жеткізілді

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 02.09.2020 2148 0 пікір
Қарағанды: 30 ИВЛ аппараты жеткізілді

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде берекелі шара жүзеге асты. «Зекет» қорының облыстағы өкілі Мұхит Джаримбетов және Қарқаралы, Шет, Жарық, Ағадыр аудандарының жомарт жандарының атсалысуымен қайырымдылық шарасы өтті.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) садақа жайында: «Садақа мұсылманның ғұмырын ұзартады. Оны мезгілсіз өлімнен сақтайды. Күпірлік пен мақтаншақтықтан аластатады», – деген. Осыған орай облысымыздағы ауыр індетпен ауырып жатқан науқас жандарға көмек беру мақсатында ауруханаларға көмек көрсетілді. Нақтырақ айтқанда, Қарқаралы, Шет, Жарық және Ағадыр аудандарының ауруханаларына 30 ИВЛ аппараты және қажетті медициналық құрал-жабдықтар жеткізілді.

Қайырымдылық шарасында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы осы игі шараның жүзеге асуына атсалысқан барша жомарт жандарға, дін қызметкерлеріне алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру