Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Еріктілер Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды

iman.kz 01.09.2020 2589 0 пікір
Шымкент: Еріктілер Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды

Әлемді дүрбелеңге салған жұқпалы індетке байланысты биылғы Құрбан айт мерекесіндегі игі шаралар, оның ішінде құрбандық шалу шарасы онлайн түрінде жүзеге асырылғаны баршаға аян. Құрбан айт мерекесі қарсаңында әлемдегі озық тәжірибелерді негізге ала отырып ҚМДБ тарапынан бірқатар тың жобалар жүзеге асырылды.

Соның ішінде жамағатқа ыңғайлы һәм жұқпалы індетті жұқтырып алмас үшін онлайн тапсырыс беру арқылы құрбандық мал шалу мүмкіндігін жасап берді. Бұл өз кезегінде ел аумағында зор қолдауға ие болып, көпшіліктің алғысына ие болды. Осындай шаралардың басы-қасында болып, мешіт имамдарымен бірге мешіт жанындағы еріктілер тобының жұмысы мен атқарған еңбегі орасан .

Ерікті топ мүшелерінің еңбектерін ескеріп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласындағы бірқатар мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелеріне өзінің алғыс хатын жолдаған болатын. Бас мүфти хазреттің алғыс хатын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов оқып беріп, 30-дан астам ерікті азаматқа табыстады.

Сондай-ақ игі шараға Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау ауданы бас имамдары мен «Халал Даму» ЖШС қалалық өкілі Қазыбек Сарыбаев, Азамат Әбдікерімұлы, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаевтар қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру