Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордалық 50 бала тегін сүндеттелді

muslim.kz 01.09.2020 2425 0 пікір
Елордалық 50 бала тегін сүндеттелді

Бүгін елорда төріндегі «Нұр-Астана» мешітінде тегін сүндеттеу рәсімі өтті. Жаңа оқу жылының қарсаңында өткен игі шара аясында 50 бүлдіршін сүндеттеліп, азамат атанды.

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен жасалған шараға «Зекет» қайырымдылық қоры және «әл-Хижама» клиникалық орталығы демеушілік танытып, бүлдіршіндерге сый жасады.

Шараға арнайы қатысқан Нұр-Cұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бүлдіршіндерге жылы лебізін арнап, салт-дәстүріміздің құндылығы жайында сөз қозғады. Сондай-ақ «Зекет» қорының өкілі Нұркен Ділмұхан мен «әл-Хижама» орталығының төрағасы Бижан Маратұлы да бүгінгі шараның мән-маңызына тоқталып, өз тілегін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру