Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан жақында тағайындалған Ақтөбе қалалық орталық мешіті, Темір ауданы және Хромтау ауданының имамдарын жеке қабылдап, жыл басында бекітілген жылдық жоспарларын пысықтады.
Жоспар бойынша жыл басынан атқарылған тапсырмаларды қорытындылап, қалған тапсырмаларды толықтырып жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, 31 тамыздан бастап мешіттердің жекелей ғибадаттарға ашылуына байланысты діни басқарма бекіткен санитарлық нормаларды жамағатқа түсіндіріп, мешіттерде бекітілген талаптарды сақтауға аса мән беру керектігін ескертті. Бас имамдарға жүктелген міндеттердің жауапкершілігін ескере келе халыққа дін жолында абыроймен қызмет ету керектігін айтты.
Сонымен қатар Хромтау мен Темір аудандарындағы кейбір ауылдық мешіттерге білікті діни маман тарту мәселесін тез арада шешуді күн тәртібіне енгізді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
01.09.2020
2731
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру