Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде əлеуметтік жағдайы төмен 40 отбасының балаларына жалпы құны 2 миллион теңгеге бағаланған ұялы телефондар тапсырды.
«Жусан» операциясымен елге оралғандар, жат ағымнан қайтқан жалғызбасты аналар жəне əлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары қамтылған акция барысында бүлдіршіндерге сыйлықтарды Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы табыс етті.
«Пандемияға байланысты мектептегі сабақтар онлайн форматта өткелі отыр. Осыған байланысты, біз бүлдіршіндеріміздің тəлім алуына мейілінше мүмкіндік жасап отырмыз. Демеушілік жасаған бауырларымызға Алла разы болсын» дейді А.Ұтысханұлы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
01.09.2020
3267
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру