Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: 80 оқушыға оқу құралы үлестірілді

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 01.09.2020 2298 0 пікір
Орал: 80 оқушыға оқу құралы үлестірілді

Білім күніне орай ҚМДБ Батыс Қазақстан облысы өкілдігі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Анаргүл Демеутова мен облыстық мешіттің наиб имамы Наурыз Убаевтың қолдауымен орталық мешітте «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Алдымен облыстық орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев сөз алып, Білім күнімен құттықтап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жолдады.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Орал қаласында көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында мектеп жасындағы балаларға 80 мектеп сөмкесі мен оқу құралы үлестірілді. Дәл осындай игі шара Сырым, Жәнібек, тағы басқа аудандарда жалғасын тапты.

Ата-аналар қайырлы істің басы-қасында жүрген Орал орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаевқа, облыстық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Анаргүл Демеутоваға, демеушілік көрсеткен барлық жомарт жандарға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру