ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында 220 қызылордалық оқушыға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілген игі шара аясында Сыр мешіттері әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларына оқу құралдарымен жабдықталған сөмкелер, кеңсе дүкеніне сертификаттар және қашықтан білім алуға арналған смартфондар мен планшеттер тарту етті.
Қайырымдылық шарасында көмек алған балалар бас имам Болатбек Ұласқанұлы бастаған имамдар мен ерікті жамағаттарға шексіз алғысын білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
01.09.2020
2534
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру