Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Мешіттер 515 баланы оқуға қамдады

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 01.09.2020 2003 0 пікір
Қарағанды: Мешіттер 515 баланы оқуға қамдады

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен «Әнет баба» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Игі шара «Зекет» қорының Қарағанды облыстық өкілдігі және Қарағанды қалалық «әл-Машани», «Бала қажы», «Күнгей» мешіттерінің бірігіп атсалысуымен жүзеге асты.                  

Жаңа оқу жылының қарсаңында ұйымдастырылған игі шарада көптеген мұқтаж жандарға көмек берілді. Атап айтқанда, «Үміт» мүгедек жандар қоғамдық бірлестігіне, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ата-анасынан айырылған жетім балаларға, сондай-ақ «Жусан» операциясы арқылы елге оралған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Нақтырақ айтқанда 285 мұқтаж отбасыға, оның ішінде биыл мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларға оқуға қажетті заттар мен құрал-жабдықтар үлестірілді. Облыс бас имамының тапсырмасымен жүзеге асқан берекелі шара 25 тамызда бастау алып, жалпы облыс бойынша 515 баланы оқуға қамдады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру