Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Имамдарға жаңа міндеттер жүктелді

Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 01.09.2020 1790 0 пікір
Талдықорған: Имамдарға жаңа міндеттер жүктелді

Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының төрағалығымен қала имамдарына жүзбе-жүз және аудан имамдарына онлайн форматтағы жиын өтті.

Жиында өңір мешіттерінің ашылуына байланысты имамдарға санитарлық талаптарды қатаң сақтау секілді бірқатар тапсырмалар мен жаңа лауазымдық міндеттер жүктелді.

Сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын қайырымдылық керуені шаралары мен мұқтажға медет акциялары талқыланды. Бұдан бөлек өңірдің бас имамы қасиетті Құрбан айт кезінде қызметімен ерекшеленген дін қызметкерлеріне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатын табыс етті.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру