Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ (ВИДЕО+ФОТО)

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 31.08.2020 3965 0 пікір
ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ (ВИДЕО+ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық бағытындағы іс-шаралырының бірі «Мектепке жол» акциясы бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жалғасын тапты.

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі, Елорда мешіттерінің жұмыла ұйымдастыруы мен демеуші жандардың қолдауы арқасында Бас мешіттегі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биылғы жылы 238 мұқтаж отбасыны қамтыды. Оларға мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құралдары және де онлайн білім алуға арналған арнайы планшеттер мен смартфондар табыс етілді.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов білім жолындағы бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ, акцияға атсалысқан демеуші жандарға да өз алғысын білдіре келе бұл қайырымдылық шарасы білімге жасалып  отырған қолдау екенін атап өтті.

Сондай-ақ, қайырымдылық шарасына Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежан, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар ісі басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек қатысып, бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтарды табыс етті.

Санитарлық талаптар негізінде өткізілген қайырымдылық акциясына саны шектеулі отбасылар ғана қатысып, қалғаны Елорда мешіттерінің жамағатынан құралған еріктілер тарапынан мұқтаж отбасыларға жеткізіп берілді.

Айта кетсек, бүгіннен бастап еліміздегі мешіттер жамағатқа өз есігін айқара ашты. Құлшылық орындары бекітілген санитарлық нормалар негізінде жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру