Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талғарда жүздеген оқушыға мектеп құралдары берілді (ФОТО)

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 31.08.2020 2744 0 пікір
Талғарда жүздеген оқушыға мектеп құралдары берілді (ФОТО)

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Алматы облысының Талғар ауданында жалғасын тапты.

Ауданға қарасты әлуметтік аз қамтылған отбасындағы 100-ге жуық балаға сабаққа керек оқу құралдары берілді. Игі шараның басты мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж отбасыларға демеушілік көрсетіп, балаларды мектепке қамдау.

Аудан имамы Қажымұхан Қамбарұлының ұйымдастыруымен өткен игі шарада көп балалы ата-аналар, жалғыз басты аналар қамтылды. Мешіттерден ұдайы жәрдем алып тұратын ата-аналар Діни басқарма ұжымы мен кәсіпкерлерге ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру