Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы Ахмет ишан Оразайұлы мешітінде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.
Берекелі шарада көмекке мұқтаж 30 отбасының мектеп оқушысына оқуға қажетті құрал жабдықтар сыйға тартылды.
Мешіт тарапынан ұйымдастырылып жүрген қайырымдылық шараларда «Жусан» операциясымен елге оралған отбасыларға да үнемі көмек көрсетіліп келеді. Осы отбасылар ішінен мектеп жасындағы 3 балаға оқу құралдары мен мектепке қажетті заттар үлестіріліп, көмек көрсетілді. Сонымен қатар мешітте өткен акцияға келе алмаған отбасыларға мектеп заттары жеткізіліп берілді.
Игі істі Жезқазған қалалық Ахмет ишан Оразайұлы мешітінің имамы Нұрбол Тағаев және «Зекет» қоры Жезқазған өңірінің өкілі Айтжан Аққошқаровтың бірігіп ұйымдастырды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
29.08.2020
2941
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру