Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау: 140 оқушыға мектеп құралдары тапсырылды

Ақтау қалалық "Бекет ата" мешітінің баспасөз қызметі 29.08.2020 2249 0 пікір
Ақтау: 140 оқушыға мектеп құралдары тапсырылды

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде тұрмысы төмен отбасылардың балаларына мектепке қажетті оқу-құралдары тапсырылды. Мешіт тізіміндегі бұл отбасылардың балғындары оқу жылын су жаңа құралдармен бастамақ. 

– Биыл 1-7 сыныптарда оқитын 140 оқушыға көмек көрсетіп отырмыз. Оқушыларға қажетті сөмке, дәптер, қаламсап, түрлі-түсті бояулар алынып, сақтық шараларын сақтай отырып таратылды. Негізінен аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары таңдап алынды. Басты мақсат – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жанашыр болып, білімге құштар өрендерге жақсы көңіл-күй сыйлау, – дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев. 

Айта кетейік, Ақтау мешіті тізімінде 500-ден астам тұрмысы төмен отбасы тіркелген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру