Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 28.08.2020 2670 0 пікір
Қостанай: «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы екендігі белгілі. Соған орай «Қайырымдылық керуені» атты үлкен қайырымдылық шарасы жарияланған еді.

Міне, осы игі мақсаттағы шара аясында Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің тікелей басшылығымен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Жалпы, көмекке мұқтаж 510 оқушыға қажетті барлық құрал-жабдықтар (сөмке,смартфон,қағаз,қалам) сатып алынып, облыстық «Марал ишан» мешітіне әкелінді.

Оларды сатып алуға 3 537 000 теңге жұмсалды. Бұл мектепке баратын ұл мен қыздарды шексіз қуанышқа бөлейтін шараның жоғары деңгейде өтуіне республикалық «Зекет» қорының өңірдегі өкілі Мейрам Жүсіпбеков, облыстық мешіттің қайырымдылық жөніндегі наиб имамы Бақытжан қажы Икрам және имамдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.

Бүгін, яғни, қасиетті Жұма күні облыстық мешіт алдындағы алаңда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы құрал-жабдықтар тиелген «Қайырымдылық керуеніне» сәт сапар тілеп, акцияның дер кезінде ұйымдастырылуына септіктерін тигізген имамдарға, демеушілік жасаған барша бауырларымызға шынайы алғысын білдірді.

Сондай-ақ, келген журналистер қауымына акцияның мәні мен мақсатын түсіндірді. Еліміздегі әрбір бала жаңа оқу жылы басталғанда жүздері шаттықтан бал-бұл жанып, ерекше бақытты күйді бастан кешулері тиіс екендігін тебірене жеткізді.

«Қайырымдылық керуені» аймақтағы барлық аудандар мен қалаларда болып, құрал-жабдықтарды оқушыларға жеткізеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру