ҚМДБ «Зекет» қоры Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға қажетті медициналық аппараттар жеткізді.
«Зекет» қоры елімізде тынысы тарылып, дем жетпей жатқан науқастарды қолдау мақсатында «Өмірге үміт сыйла» атты акциясын жариялаған болатын. Акция аясында 18 ИВЛ аппараты мен 891 оттегі концентраторы еліміздегі ауруханаларға таратылды.
Бүгін «Зекет» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласының №1 қалалық ауруханасына оттегі концентраторы мен пульсоксиметр табысталды. Игі шараға Нұр-Астана мешітінің наиб имамы Мамлюк Асханұлы да қатысты. Медициналық құралдарды аурухананың бас дәрігері қабылдап алып, ризашылық білдірді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ "Зекет" қоры
28.08.2020
2787
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру