Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз қаласында Халал апталығы басталды (ФОТО)

«Халал Даму» ЖШС halaldamu.kz 28.08.2020 2598 0 пікір
Тараз қаласында Халал апталығы басталды (ФОТО)

«Халал Даму» мекемесі және ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау» апталығы басталды.

Апталықтың ашылу салтанатына Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелидев пен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және технолог мамандар, жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Апталықтың басты мақсаты – халалдың маңыздылығын насихаттау, халал стандартқа сай өнім өндіріп, қызмет көрсететін кәсіпорындар мен қоғамдық тамақтану орындар санын арттыру.

Апталықтың алғашқы күнінде жергілікті имамдар мен кәсіпкерлерге арналып оқу-семинары жүргізілді. Отандық халал индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік халал кәсіпорындар» марапатталды.

Бұдан бөлек,  жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен мұқтаж жандарға арнап қайырымдылық акциясы өткізілді.

Ал Халал апталығының алғашқы күнінде «Best Asian Trade» кәсіаорны мен «Кәусар» асханасына «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.

Апталық барысында шұжықтың отаны саналған Тараз қаласындағы шұжық цехтары мен сертификатталған мекемелерде аудит жұмыстары жүргізіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру