Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖАС МАТЕМАТИККЕ АЛҒЫС АЙТТЫ (ФОТО)

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 27.08.2020 4743 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖАС МАТЕМАТИККЕ АЛҒЫС АЙТТЫ (ФОТО)

Малайзияда өткен ауызша есептеу олимпиадасында ақтаулық оқушы Орынгүл Арыстан 8 минуттың ішінде 200 есеп шығарып, әлемнің 45 елінен келген 3000 үміткердің ішінен оза шауып, бас жүлдені жеңіп алған болатын.

«Жақсылықтың ерте-кеші жоқ» демекші, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ақтаулық оқушы Арыстан Орынгүлмен кездесіп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жолдаған алғыс хатты табыс етіп, өкілдік атынан сый-сияпат жасады.

Аталмыш шараға Маңғыстау өңіріндегі аузы дуалы батагөй қариялардың бірі Лепес қажы Қосмағанбетұлы және ақ кимешекті Кәусар қажы әжеміз де арнайы шақырылып, дарынды оқушыға ақ батасын беріп, ұзақ әрі мәнді ғұмыр тіледі.

Осындай игі шаралардың мақсаты – білімді әрі дарынды бүлдіршіндерімізді қолдау мен оларды ынталандыру болып табылатынын айта кеткіміз келеді.

   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру