Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Балаларға мектеп құралдарын сыйлады

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 27.08.2020 2462 0 пікір
Қарағанды: Балаларға мектеп құралдарын сыйлады

Қарағанды облысына қарасты елдімекендерде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда.

Игі шараның басты мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж отбасыларға демеушілік көрсетіп, балаларды мектепке қамдау. Мұндай қайырлы іс көмекке зәру отбасылардың, көпбалалы аналардың көңіліне медеу, жағдайына демеу болары анық.

Осындай игі шараның бірі Жаңаарқа аудандық «Халық» мешітінде, Түгіскен және Орынбай ауылдық мешіттерінде ұйымдастырылды. Оқуға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкесі балаларға сыйға берілді.

Берекелі шараны ұйымдастырып, аудан және ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлаған мешіт қызметкерлері мен демеушілерге ата-аналар алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру