ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, бас технолог Айжан Омарова және «Халал Дамудың» Шымкент қалалық бөлімінің инспектор-бақыраушысы Қазбек Сарыбаев Шымкенттегі ҚМДБ халал сертификатына ие болған бірқатар өндіріс орындарына тексеру жүргізіп, өндіріс орындарының талапқа сай екеніне көз жеткізді.
Өндіріс барысында қолданылатын негізгі шикізат пен тағамдық қоспалар зертхана тексерісінен өткізілді. Тексеріс нәтижесі бойынша шариғат бойынша тыйым салынған қоспалар анықталмады.
Сондай-ақ осы күні «Азия холод» ЖШС балмұздақ өнімдері және «Doni LTD» балмұздақ және ірімшік өнімдері ҚМДБ халал сертификатына ие болды. Балмұздақ шығаратын қос кәсіпорынға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификат табыстады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
27.08.2020
3317
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру