Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 65 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті берілді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 26.08.2020 2348 0 пікір
Шымкент: 65 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті берілді

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай Шымкент қаласы, Абай ауданының «Торлан» мешіті мен «Зекет» қорының өкілдігі қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Игі шара аясында Шымкент қаласы, Абай ауданындағы «Торлан» мешітінің бас имамы Ғалымжан Назаров және еріктілер Жалғас Шағатаев, Манас Құрбанбековтер қатысып, әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінен тез құтылып, ауырғандар сауығып кету үшін арнайы салауат, истиғфар айтып дұға етті.

Айта кетсек, бұл шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қолға алуымен қаладағы барлық мешіттерде өтіп жатыр.

Игі шара барысында арнайы 3 қой шалынып, құрбан еттері мен азық-түлік себеті 65 мұқтаж отбасыға жетзкзілді.

Сондай-ақ, «Торлан» мешітінің қызметінде жүріп, ауырып жатқан 3 діни қызметкерге 60 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Мұнымен қатар, 9 отбасыға 80 мың теңге көлемінде қаржылай көмек және ауданда тұратын, бүгінде індетпен науқастанып жатқан Раушан Тілемісоваға 30 мың теңге көлемінде дәрі-дәрмектеріне көмек берілсе,  Бұдан бөлек, аталмыш мешіттің ұйытқы болуымен Гүлмира есімді апайдың үйінің қабырғасын күрделі жөндеуден өткізіп, толығымен сыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру