Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Ғибратты керуен жобасы аясында меморандумға қол қойылды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 26.08.2020 2589 0 пікір
Жамбыл: Ғибратты керуен жобасы аясында меморандумға қол қойылды

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрлер негізінде жастар, тұрғындар арасында тәрбие жұмыстарын насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің отырысы өтті. 

Облыс әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен жиын ғибратты керуен жобасы аясында іске асқан болатын. 

Шараға облыс аумағындағы барлық қалалар мен аудандардағы әкімдердің салаға жетекшілік ететін орынбасарлары, Ішкі саясат және Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармалары, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы, «Жас Отан» Жастар қанаты, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері, БАҚ және мәселеге қатысты үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен белсенді ардагерлер қатысты.

Бас қосуда білікті мамандар баяндама жасап, түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатып айтып берді. Атап айтсақ, С.Қалиев – «Ғибратты керуен» жобасы аясында облыс аумағындағы ұлттық құндылықтарымыз тарихи және сакральды орындардың салт-дәстүрлер негізінде жастарға отансүйгіштік тәрбие берудегі рөлі жайлы тілге тиек етсе, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев – «Ғибратты керуен» жобасы аясында жүргізілген ұлттық құндылықтарымыздың бір саласы «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» жайлы мардымды ойларын жеткізді.

Ұлттық дәстүрімізден келе жатқан құндылықтарды қайта өркендету, жоғалтып алмау жайлы пікірлер айтылды. Дөңгелек үстел барысында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі мен ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкілдігі арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Ал жиын соңында орталық әмбебап кітапханасының бөлімдері мен релакс кабинеттерімен танысу және белсенді ардагерлерді марапаттау шарасы болды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру