Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Шемонаихада өткен игі шара

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 26.08.2020 2274 0 пікір
ШҚО: Шемонаихада өткен игі шара

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі дәстүрлі «Мектепке жол» акциясын жүйелі ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға барынша қолдау көрсетуді аудан, қала мешіттеріне тапсырған болатын.

Осыған орай Шығыс Қазақстан облысы «Шемонаиха аудандық мешіті» 20 оқушыға білім алуға қажетті құрал-жабдықтар табыс етті. Қайырымдылық акциясына Шемонаиха қаласында тұратын тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар қамтылды.

Ізгілік шарасы туралы «Шемонаиха аудандық мешітінің» бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы:

«Халқымызда қайырымдылық-қайырлы іс деген тағылымды сөз бар. Тұрмысы төмен отбасыларды қолдап, осы шараны әдейі өткізіп отырмыз. Асыл дініміз білім үйренушілерге қолдау жасап, көмектесуді аса сауапты іс деп көрсеткен. Әсіресе қазіргі карантин жағдайында табысы азайған отбасыларды қолдау бәрінен маңызды» деп айырықша атап өтіп, балаларға оқу-құралын табыс етті.

Ата-аналар да осынау ізгі көмекке ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру