Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: 50 оқушыға мектеп құралдары берілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 26.08.2020 2677 0 пікір
Қарағанды: 50 оқушыға мектеп құралдары берілді

Жылдағы үрдіс бойынша Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Балқаш және Жәйрем мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Жаңа оқу жылының қарсаңында Балқаш қаласында көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында мектеп жасындағы оқушы балаларға 45 мектеп сөмкесі үлестірілді.

Дәл осындай игі шара Жәйрем кентінде де өтті. Қолдауға мұқтаж 5 отбасының алғашқы сыныпқа баратын балаларына білім алу үшін қажетті барлық құрал-жабдықтарға толтырылған сөмкелер сыйға тартылды.

Ата-аналар игі шараны ұйымдастырып, қайырлы істің басы-қасында жүрген Балқаш қалалық мешітінің имамы Ербол Мұканұлы, Жәйрем кентінің имамы Мурсали Қаленұлына және демеушілік көрсеткен барлық жомарт жандарға алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру