Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Өткел мен құдық пайдалануға берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 26.08.2020 2708 0 пікір
Түркістан: Өткел мен құдық пайдалануға берілді

Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының 30 жылдығына орай «30 игі шара» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Тұрғындар өз ризашылықтарын білдіріп, сауапты істерге атсалысып келеді. Оның аясында көпір, өткел салу, құдық қазу жұмыстары да бар.

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында мерейтой аясында 2 өткел және 2 құдық пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Шалдар мен Кеңестөбе ауылдарында бір-бір құдық қазылды. Ал, Бірлік ауылында 2 бірдей өткел салынды.

Бәйдібек ауданының жамағаты бұл сыйларын 30 жылдыққа тарту етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру