Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 60 мешітке Тепловизор аппараты үлестірілді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 26.08.2020 2562 0 пікір
Шымкент: 60 мешітке Тепловизор аппараты үлестірілді

Шымкент орталық мешіті мен «Зекет» қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Елімізде таралған жұқпалы індетке байланысты мешіт қызметкерлері мен мешітке келуші азаматтардың дене қызыуын өлшейтін Тепловизор аппараттары Шымкент қаласындағы 60 мешітке үлестірілді.

Шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек,  Абай аудандық мешіттің  бас имамы Исмаил Панов, Еңбекші аудандық мешіттің  бас имамы Еркебұлан Қарақұлов,  Қаратау аудандық мешіттің  бас имамы Дастан Желеуов, «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар Әміре,  қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы,  қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев пен «Жастар» секторының  жетекшісі Анарғали Керімбековтер қатысты.

Негізгі мақсат –  мешіт имамдары мен мешітке келуші жамағаттың қауіпсіздігі үшін, жұқпалы індеттің алдын алу болып саналады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру