Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Аудандық ауруханаға 50 пульсоксиметр табысталды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 25.08.2020 2670 0 пікір
Маңғыстау: Аудандық ауруханаға 50 пульсоксиметр табысталды

ҚМДБ «Зекет» қорының «Өмірге үміт сыйла» атты қайырымдылық шаралары легі еліміздің түкпір-түкпірінде әлі де жалғасын тауып жатыр.

Бүгін аталмыш қайырымдылық акциясы аясында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлері Мұнайлы аудандық орталық ауруханасына барып, пандемия кезінде аса қажетті медициналық құрал саналатын 50 пульсоксиметр табыс етті.

Аталмыш құралдарды табыстай отырып, бас имам Әнуар Ізімбайұлы:

«Еліміздегі індеттің таралуы бәсеңдегенімен, ауруханалар қашанда сақадай сай болуы тиіс. Сол себепті, демеушілердің көмегімен аса қажетті медициналық құрылғыларды сатып алып, сіздердің ауруханаларыңызға табыс етіп отырмыз. Алла елімізді осы індеттен сақтап, халқымызға жар болсын!», - деп атап өтті.

Өз кезегінде, Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының директорының міндетін атқарушы Жанар Есенғалиқызы:

«ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлының ұйытқы болуымен бізге 50 дана пульсоксиметр табысталып, көмек көрсетілді. Бұл құрылғылар бізге өте қажет. Осы індеттің кезінде бізге қолдау көрсеткен жанашыр азаматтарға, ел азаматтарына алғысымыз шексіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру