Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: 2 мешітке күрделі жөндеу жасалуда

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 25.08.2020 2306 0 пікір
Өскемен: 2 мешітке күрделі жөндеу жасалуда

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай ел көлеміндегі жөндеуді қажет ететін 30 мешітке күрделі жөндеу жасауды тапсырған болатын. Осыған орай Өскемен аймағы өкілдігі жанынан арнаулы жұмыс тобы құрылып, аудандардағы жөндеуді қажет ететін мешіттер туралы мәліметтер жинақтап, маңызды деген мешіттерге таңдау жасалған болатын.

Осы тапсырма негізінде өңірде қазір 2 мешітке күрделі жөндеу жасалып жатыр. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы «Ақтан» мешітіне жөндеу шаралары аяқтауға жақын. Ал Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық мешітінде жөндеу жұмысы басталып кетті.

«Өңірдегі жамағаты көп, маңызды мешіттер таңдалып, жөндеу жұмыстары басталды. Өкілдік тарапынан жұмыс барысын бақылап отырмыз. Жөндеу жұмыстарына белгілі кәсіпкер азаматтар, мешіт жанашырлары қолдау көрсетіп отыр» деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдіров.

Ол сонымен қатар «Ақтан» мешітінің жөндеу ісіне қол ұшын берген Ержан Нұрбаевқа, Бозанбай ауылдық мешітінің жөндеу жұмысына көмек көрсеткен Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағановқа алғыс білдірді. Мешіттерді жөндеу жұмысына мешіт қызметкерлерімен қатар ауылдағы ерікті жастар тартылуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру