Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау мешіті «Мектепке жол» акциясын өткізді

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.08.2020 2358 0 пікір
Теміртау мешіті «Мектепке жол» акциясын өткізді

Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожаның тапсырмасымен Теміртау орталық мешітінің имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Қайырымдылық шара аясында еліміздің білім ошақтары қашықтан оқыту жүйесіне ауысуына байланысты көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы 65 оқушыға оқу құралдарына толтырылған сөмкелер сыйға тартылды.

Сондай-ақ онлайн білім алуға қажет арнайы планшет пен алты айға арналған лимитсіз трафигі бар SIM карталар сыйға берілді. Ата-аналар игі шараны ұйымдастырып, қайырлы істің басы-қасында жүрген Теміртау орталық мешітінің имамы Естай Айтуғанұлына және демеушілік көрсеткен барлық жомарт жандарға  алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру