Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әбу Ханифа» медресе-колледжінде қабылдау емтиханы басталды

«Әбу Ханифа» медресе-колледжі 25.08.2020 2287 0 пікір
«Әбу Ханифа» медресе-колледжінде қабылдау емтиханы басталды

Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде 2020-2021 оқу жылына қабылдау емтиханы онлайн платформа арқылы өтті.

Орта білім және кәсіптік техникалық орта білім негізінде құжат тапсырған талапкерлердің арнайы шығармашылық емтиханын комиссия төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежанов, ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев қабылдады. Сонымен қатар комиссия мүшелері қатарында Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев, «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет болды.

Сұхбат барысында комиссия төрағасы мен мүшелері талапкерлердің мамандық ерекшелігін ескере отырып, білім деңгейін анықтады. Сонымен қатар имандылық жолының ерекшелігі де ескеріліп, талапкерлердің діни таным-деңгейі, болмыс-нанымына басымдық берілді. Биыл «Әбу Ханифа» медресе-колледжіне орта білім және кәсіптік техникалық орта білім бойынша 66 талапкер құжат тапсырып, оның 61-і емтиханға қатысты. «Исламтану» мамандығы бойынша сұхбаттар Білім және ғылым министрлігінің ережелеріне сай, ашық жағдайда өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру