Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Хәкім Абай аттас бүлдіршіндер марапатталды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.08.2020 2030 0 пікір
Шымкент: Хәкім Абай аттас бүлдіршіндер марапатталды

Шымкент қаласы Абай ауданы «Торлан» мешіті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай (Ибраһим) ақынмен аттас жандар» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

Мерейтолық шара аясында 9 үміткер қатысып, оларға діни һәм Абай шығармашығынан бірер сұрақтар қойылды. Нәтижесінде барлық талапты орындаған Ибраһим Абайұлы бірінші орын иегері атанды. Сондай-ақ тұңғыш ұйымдастырылған шараға қатысушыларға сыйлықтар және мешіт атынан алғыс хаттар табысталды.

Игі шара аясында «Торлан» мешітінің бас имамы Ғалымжан қажы Назаров бүлдіршіндерді құтықтап, Абай атамыздың мұраларын жаттап, түсініп, өмірде амал етуге шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру