Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Бұлаққа барар жаңа жол салынды

Қарағанды облысындағы өкілдіктің баспасөз қызметі ihsan.kz 24.08.2020 2844 0 пікір
Қарағанды: Бұлаққа барар жаңа жол салынды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай қоғам игілігіне арналған іс-шаралар Қарағанды өңірінде кеңінен атқарылып келеді.

Адам өмірден өтсе де, соңынан барып тұратын сауапты амалдарының бірі – көпір мен жол салу. Биылғы маусым айында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бұқар жырау ауданына қарасты Ростовка елдімекені маңайындағы бұлаққа баратын жолдың жұмыстарына басымдық беріп, бұлақ суының пайдалану орнына қолайлы орын даярлауды жоспарға алған болатын.

Бүгінде осы игі іс толықтай аяқталып, бұлаққа жақын орналасқан Жаңаталап, Қызылжар, Ростовка, Тегісжол т.б көршілес елді мекендерден ауыз су тасымалдайтын тұрғындарға теп-тегіс жол төселіп, бұлақ басына бетоннан қоршау құдығы орналастырылды. Осы суды тұтыну үшін Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келетіндер де бар. Себебі осы бұлақтан шығатын су минералдары Швецарияның жерасты суымен сәйкес екендігін арнайы сараптамада белгілі болып, оң қорытынды берілген.

Сауабы мол игі шараға облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей, аудан имамы Рустем Акошев қатысса, жергілікті тұрғындар да ҚМДБ тарапынан қолдау тапқан күрмеулі жайттардың оңтайлы шешіліп жатқанына дән риза.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру