Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс-шара аясында Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында берекелі іс-шара жүзеге асты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысындағы өкілдігі, «Зекет» қорының өкілдігі мен «Жыржыс қажы» мешітінің ұйымдастыруымен Бұқар жырау ауданындағы №1 ауруханада ем алып, өмір сүру үшін күресіп жатқан науқас жандарға 3 ИВЛ аппараты және 6 арнайы демалтқыш құралы көмек ретінде жеткізілді.
–Науқас жанды зиярат етіп, оған демеу көрсету – ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалған сүннет. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) садақа жайында: «Мұсылманның садақасы ғұмырын ұзартады. Оны мезгілсіз өлімнен сақтайды. Күпірлік пен мақтаншақтықтан аластатады»,- деген. Осы игі шараның жүзеге асуына атсалысқан барша жомарт жандарға, дін қызметкерлеріне алғыс айтамыз, - дейді Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей.
Діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай Қарағанды өңірінде атқарылар 30 игі іс-шара осымен тоқталмақ емес.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
23.08.2020
3003
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру