Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Мектепке жол» акциясы жарияланды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 22.08.2020 3545 0 пікір
Ақтөбе: «Мектепке жол» акциясы жарияланды

Өздеріңізге мәлім болғандай, биылғы білім алу жүйелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Солардың қатарында мектеп жасындағы оқушалардың білім алу мәселесі бар.

Бұйырса алғашқы жартыжылдықта оқушылар онлайн, яғни, қашықтан интернет арқылы білім алуды бастайды. Осы жағдайды ескере келе бізді кейбір отбасылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайының төмендігі алаңдатып отыр. Осыған орай, ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі өңір тұрғындарын мұқтаж отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын қолдауға шақырады. Жылдағы дәстүр бойынша ҚМДБ-ның «Мектепке жол» акциясына үлес қосып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек беруге Ақтөбе өңірі тұрғындарының да мүмкіндігі бар.

Жиналған қаражатқа оқушылардың қашықтан білім алуына үлкен септігін тигізетін планшет сатып алынады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру