Жұма күні Ақтау қаласының әкімі Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы бастаған әкімшілік қызметкерлері қалалық «Бекет ата» мешітіне арнайы ат басын бұрды.
Мешіттің тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін, қала басшысы Нұрдәулет Игілікұлы, ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, қалалық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысқан жиналыс барысында қалалық мешіттің орнында жаңадан салынатын құлшылық үйінің жоспары талқыланып, бір ауыздан бекітілді.
Сонымен қатар, бұл жиналыста Ақтау қаласының 34-ші ықшам ауданында жаңадан салынатын 200 орындық мешіттің мәселесі қарастырылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
22.08.2020
3473
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру