Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысыңыз!

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 21.08.2020 4018 0 пікір
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысыңыз!

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, Алматы Орталық мешіті мен «Ықылас-2050» қайырымдылық қоры жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырады.

Шараның мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың мектеп жасындағы балаларына қамқорлық көрсету, онлайн білім алуға қажетті оқу құралдармен қамтамасыз ету және олардың жаңа оқу жылына даярлығын қамдау.

Құрметті мұсылман бауырлар! Сіздерді өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үкілі үміт сыйлау мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» («Сәбә» сүресі, 39-аят) деген. Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» - деп сүйіншілеген. Ал дана халқымыз «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деп қайырымдылық жасауға үндеп, нақыл қалдырған.  

Алла Тағала ізгі ниет пен қайырлы амалдарымызды сауапқа жазсын! Әумин!

 

Біздің реквизиттеріміз: «Kaspi gold» – 5169493197826772; ИНН 870117302449

Баланыс телефоны: +7 701 812 99 83 (Қасым имам) 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру