Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Ауыл имамы баспаналы болды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 20.08.2020 2969 0 пікір
Маңғыстау: Ауыл имамы баспаналы болды

ҚМДБ «Зекет» қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, бүгін, қасиетті Мұхаррам айының бірінші күні «Ел үлесі – пәтерге» акциясының 251-ші баспанасы, Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылдық мешітінің имамы Жүсіп Опаға тапсырылды.

ҚМДБ-ның Маңғыстау өңірі бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы аталмыш іс-шараға арнайы қатысып, имам Жүсіп Опаға үйдің (қызметтік баспананың) кілтін табыстады.

Аталмыш қайырымдылық іс-шарасы құрылыс саласындағы жергілікті кәсіпкер Бимырзаев Иса Ыбырайымұлының демеушілігімен жүзеге асқанын ерекше атап кеткен жөн. Иса Ыбырайымұлы бұл пәтерден бөлек әлеуметтік жағдайы төмен тағы 3 отбасыға баспана кілтін табыстады.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай шалғай ауылдардағы 30 дін қызметкерін баспанамен қамтамасыз ету шарасы бастау алған болатын. Аталған шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, баспанасыз 30 дін қызметкерін үй-жаймен қамтамасыз етіп, қолдау білдіру.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру