Бүгін ҚМДБ-ның бастамасымен жүзеге асып жатқан «Мектепке жол» акциясы еліміздің солтүстігінде жалғасын тапты.
СҚО орталық «Қызылжар» мешітінің және «Зекет» қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен шарада 10 мұқтаж отбасыға қашықтан сабақ оқуға ыңғайлы ноутбуктер сыйға берілді.
СҚО бас имамы Кенжетай Дүйсенбай: «Осы құрал сіздердің кәделеріңізге жарасын. Балаларыңыз сабағын жақсы оқып, болашақта білікті маман болуын тілейміз» деп ізге тілегін жеткізді.
Ноутбукке ие болған оқушылар да және олардың ата-аналары да қуанып, ұйымдастырушыларға, жомарт жандарға шынайы алғысын білдірді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі
qyzyljarmeshit.kz
20.08.2020
3116
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру