Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Арыс қаласының бас имамы тағайындалды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 19.08.2020 2817 0 пікір
Түркістан: Арыс қаласының бас имамы тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Арыс қаласының бас имам болып Қажымұқан Қазыбаев тағайындалды.

Қажымұқан Тынышбекұлы – Қарилар медресесі мен Нұр-Мүбәрак университетін бітірген жоғары білімді маман. Жаңа имамды арыстықтарға облыс имамы Мұсабек Ақтамберді таныстырды.

Облыс имамы бұған дейін 15 жыл бойы Арыс қаласының бас имамы қызметін атқарған Абдулкарим Абдулкамалдың атқарған жұмысына оң бағасын беріп, Бас мүфтидің алғыс хатын табыстады. Ақсақалдар Абдулкарим Абдулкамалды иығына шапан жауып, шығарып салды.

Арыстық жамағат жаңа имам Қажымұқан Қазыбаевты жылы қарсы алып, бас мүфтиге ризашылық білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру